Адам папилломасы вирусына қарсы егілгендер тіркелімі деректерінің электрондық базасын енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 366 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасының іс-шаралар жоспарының 10-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Адам папилломасы вирусына қарсы егілгендерді есепке алу картасы» Адам папилломасы вирусына қарсы егілгендер туралы деректерді жеке есепке алу нысаны (бұдан әрі - АПВ картасы) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті мен (А.С. Есмағамбетова) Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптау және мониторинг ғылыми практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Ш.У. Жандосов) және «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - ҚазОРҒЗИ) (Қ.Ш. Нұрғазиев): 1) 2013 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей онлайн режімінде адам папилломасы вирусына қарсы егілгендер тіркелімі (бұдан әрі - АПВ тіркелімі) деректерінің электрондық базасын әзірлеуді; 2) облыстардан, Астана және Алматы қалаларынан «АПВ тіркелімі» деректердің электрондық базасын жинауды, өңдеуді, талдауды және есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне ай сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне талдау бойынша ақпаратты ұсынуды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|