Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасын бекіту туралы (2015.28.09. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасы (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 795 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар: 1) Іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралар қабылдасын; 2) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 795 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жылына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 30 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 795 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.09.12. № 1283 Қаулысымен орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді; ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 795 Қаулысымен жол картасы өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1331 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|