ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы директорының 2013 жылғы 15 ақпандағы № 37 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптамасы
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының Ғылыми кеңесі (бұдан әрі - Ғылыми кеңес) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының (бұдан әрі -Орталық) ғылыми және ғылыми-әдістемелік қызметін үйлестіру жөніндегі алқалы органы болып табылады. 2. Ғылыми кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының нормативтік құқықтық актілерінежәне шешімдеріне, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Ғылыми кеңестің құрамына: кеңес төрағасы, кеңес төрағасының орынбасары, хатшысы, Ғылыми кеңестің мүшелері кіреді. Ғылыми дәрежесі немесе сарапшылық мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс тәжіребесі бар Орталық қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен ғылыми мекемелердің өкілдері Ғылыми кеңестің мүшелері бола алады. Міндеттері бөліне отырып Ғылыми кеңестің дербес құрамы Орталық директорының бұйрығымен екі жыл мерзімге бекітіледі және мүшелердің тақ санынан құралады. Ғылыми кеңестің құрамына өзгерістер оның өкілетті мерзімі кезеңінде аталған тәртіпке сәйкес енгізіледі. 4. Орталық Директоры Ғылыми кеңеске жалпы және ғылыми басшылықты жүзеге асырады және оның төрағасы болып табылады. Ол болмаған кезде төрағаның міндеттерін Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары - Орталық директорының орынбасары атқарады.Ғылыми кеңестің ағымдағы қызметін ғылыми хатшысы қамтамасыз етеді.
Негізгі міндеттері мен қызметтері
5. Ғылыми кеңес Орталықтың ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-әдістемелік қызметінің басым бағыттарын айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|