Жоба
1995 жылғы 26 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы көрмелік-жәрмеңкелік және конгрестік қызметті дамыту туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 1244 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1995 жылғы 26 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы көрмелік-жәрмеңкелік және конгрестік қызметті дамыту туралы келісімге (2008 жылғы 23 мамырдағы өзгерістермен) (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, төмендегілер туралы келісті:
Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы көрмелік-жәрмеңкелік және конгрестік қызмет жөніндегі мемлекетаралық кеңес туралы ережеде: 1. I-бөлімде. Жалпы ережелер: 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кеңес көрмелік-жәрмеңкелік және конгрестік қызмет саласындағы ТМД-ның салалық ынтымақтастық органы болып табылады. 4. Кеңес өз қызметінде ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесіне есеп береді»; мынадай мазмұндағы 5, 6, 7-тармақтармен толықтырылсын: «5. Кеңес өз қызметінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысын, ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің, Үкіметтері басшылары кеңесінің, Экономикалық кеңесінің шешімдерін, Достастық шеңберінде қабылданған халықаралық шарттар мен шешімдерді және осы Ережені басшылыққа алады. 6. Кеңес ТМД Мемлекеттері басшыларының кеңесі, Үкіметтері басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі және Экономикалық кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуын ұйымдастырады және үйлестіреді. 7. Кеңес ТМД Атқарушы комитетімен, Достастықтың басқа да органдарымен, қажет болған жағдайда басқа халықаралық ұйымдардың хатшылықтарымен, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Кеңес ТМД-ның Атқарушы комитетіне өз қызметі туралы ақпаратты жыл сайын ұсынады.»; 2. ІІІ бөлімде. Орындаушы органдар: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|