«Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1001 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1001 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада: «Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімде: «Күтілетін нәтижелер» деген сөздер «Нысаналы индикаторлар» деген сөздермен ауыстырылсын; «Күтілетін нәтижелерде»: мына: «Химиялық өнімдерді өндіру жалпы көлемін 2 есеге арттыру. Химиялық өнімдерді экспорттау көлемін 2 есеге арттыру.» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Жалпы қосылған құнды нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 70 % ұлғайту; «Химия өнеркәсібі өнімін экспорттау көлемін нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 38 % ұлғайту.»; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісіндегі еңбек өнімділігін нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 2 есеге ұлғайту.»; «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде: мынадай мазмұндағы 4-кіші бөліммен толықтырылсын: «4. Нысаналы технологиялық бағдарламалар арқылы іске асырылатын сындарлы технологиялардың тізбесін қоса алғанда, саланы (секторды) инновациялық-технологиялық дамытуды талдау. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|