«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылы 9 шілдедегі № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008ж., 32, 334-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін. көрсетілген қаулымен бекітілген «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде сатып алынатын автокөлік құралдары;»; 2-тармақ мынадай абзацтармен толықтырылсын: «күндізгі жүріс шамы - алға бағытталған және күндізгі уақытта қозғалу кезінде көлік құралының көрінуін арттыру үшін пайдаланылатын шам; иммобилайзер (иммобилизатор) - көлік құралын оның меншікті қозғалтқышының тартқышы есебінен пайдаланудың алдын алуға (санкцияланбаған пайдаланудың алдын алуға) арналған құрылғы; ISOFIX бекіту жүйесі - екі қатты корпустық бекітпішпен, балаларға арналған ұстаушы жүйедегі екі тиісті қатты бекіткіш элементпен және балаларға арналған ұстаушы жүйенің бұрыштық жылжу еркіндігін шектейтін айлабұйыммен жабдықталған, балаларға арналған ұстаушы жүйелерді көлік құралдарымен жалғастыру жүйесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|