Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекетінің Үкіметі арасындағы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 810 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекетінің Үкіметі, тәуелсіздік, егемендік, бір-бірінің мемлекеттерінің ішкі істеріне араласпау қағидаттарын құрметтеу және өзара түсіністік негізінде екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастықты қолдау жөніндегі бірлескен күш-жігерді жүзеге асыру маңыздылығын мойындай отырып, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаты Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес тең құқықтық және өзара түсіністік қағидаттарында әскери-техникалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
1. Тараптар мынадай салаларда әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады: 1) қару-жарақ пен әскери техниканы өзара жеткізу және әскери-техникалық мақсаттағы қызметтерді көрсету; 2) қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алу, әзірлеуді жүзеге асыру, шығару, жаңғырту және жөндеу; 3) қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеу, шығару, жөндеу, жаңғырту және техникалық қызмет көрсету жөніндегі бірлескен кәсіпорындар құру; 4) жауынгерлік пайдалануға жарамсыз қару-жарақ пен әскери техниканы кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды бірлесіп жүргізу; 5) бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және қару-жарақ пен әскери техниканы шығару; 6) қару-жарақ пен әскери техниканың тиісті түрлерін іріктеу жөніндегі ұсынымдарды пысықтау және беру; 7) әскери-техникалық кадрлар мен мамандарды даярлау және оқыту; 8) қару-жарақ пен әскери техниканы стандарттау және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|