2014 - 2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы (2014.22.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ: Павлодар облыстық мәслихатының 2014.10.01. № 233/28 шешімімен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара); 2014.14.04. № 260/30 шешімімен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара); 2014.11.07. № 279/32 шешімімен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара); 2014.22.10. № 294/36 шешімімен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. 2014 - 2016 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға, соның ішінде 2014 жылға арналған мына көлемдерге сәйкес бекітілсін: 1) кірістер - 110120263 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 26881076 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1449530 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9497 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 81780160 мың теңге; 2) шығыстар - 111594901 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - 1363323 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттерді өтеу - 991353 мың теңге; бюджеттік кредиттер - 2354676 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - -1233 мың тенге, соның ішінде; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1233 мың тенге; 5) бюджет тапшылығы - -2836728 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2836728 мың теңге. 2. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2014 жылға мына көлемдерде үлестіру бекітілсін: жеке табыс салығы бойынша: Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына - 100 пайыз; әлеуметтік салық бойынша: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|