Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 33 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін. 3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 380 қаулысымен бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді. 2. Осы Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттары болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|