ҚР Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 76 бұйрығымен күші жойылды
2014 ж. 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін туындайтын қатынастарға қолданылады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығына 6-қосымша
Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны
101.03-нысан
Премьер-Министрінің Орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығына 7-қосымша
Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (101.03-нысан)
1. Осы Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (101.03-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық агенті Салық кодексінің 143-бабында көрсетілген резиденттерге табыстарын төлеу кезінде төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу және уақтылы төлеуге, төлем көзінен салық салынатын табыстарды көрсетуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігінің (есептің) (бұдан әрі - есеп) нысанын жасау тәртібін айқындайды, есепті Салық кодексінің 144-бабына сәйкес салық агенті жасайды. 2. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 4. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 5. Сомалардың теріс мәндері есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді. 1) қағаз жеткізгіште - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электронды жеткізгіште - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|