ҚР Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 76 бұйрығымен күші жойылды
2014 ж. 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін туындайтын қатынастарға қолданылады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығына 53-қосымша
Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігі (декларация) жасау
1. Бұл Қағидалары көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігі (декларация) жасау қағидасі (700.00-нысан) (бұдан әрі - қағидалары) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және осы Қағидаге қосымшаға сәйкес салық төлеушілердің көлік құралдары салығын, жер салығы мен мүлік салығын есептеуге арналған Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігін (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 365, 373, 394-баптарында көрсетілген салық төлеушілер, сондай-ақ Салық кодексінің 407-бабында көрсетілген объектілер бойынша жеке нотариустар, адвокаттар, жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар толтырады. 2. Декларация Декларацияның өзінен (700.00-нысан) және көлік құралдары салығын, жер салығын және мүлік салығын салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (700.01-ден 700.02-ге дейінгі нысандар) тұрады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөзі толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|