«Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1002 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1002 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада: «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде: «Нысаналы индикаторлар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «1. Машина жасаудағы жалпы қосылған құнды нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 70 %-ға ұлғайту. 2. Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігін нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 2,3 есеге ұлғайту. 3. Сала ресурстарының жалпы көлеміндегі отандық машина жасау өндірісі үлесінің 2008 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есеге өсуін қамтамасыз ету.»; «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде: 3.3.6-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «3.3.6 Автомобиль жасау Автомобиль паркі Қазақстан Республикасының автомобиль жасау сегментi саладағы ең үлкен iшкi сұранысқа ие және 2008 жылы жалпы машина жасау өнiмдерi көлемiнің 16 %-ын құраған, бұл ретте 2004 - 2007 жылдар кезеңiнде халық табысының ұлғаюы және соның салдары ретінде жеңiл автомобильдердi сатып алуының арқасында нарық 28 %-ға өстi. Қазақстан Республикасында көлік құралдарының жалпы саны 1991 жылғы 1,4 млн автомобильден 2011 жылы 4 млн автомобильге дейін ұлғайды, оның ішінде 3,5 млн. жеңіл автомобиль, 414 мың жүк автомобильдері және 98 мың автобус. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|