ҚР Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 76 бұйрығымен күші жойылды
2014 ж. 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін туындайтын қатынастарға қолданылады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығына 8-қосымша
Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны
Премьер-Министрінің Орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығына 9-қосымша
Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (101.04-нысан)
1. Осы Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (101.04-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомаларын есептеуге, сондай-ақ халықаралық шарт ережелеріне сәйкес салық салудан босатылатын табыстардың сомаларын, шартты банк салымында орналастырылған сомаларды көрсетуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (есепті) (бұдан әрі - есеп) жасау тәртібін айқындайды, есепті Салық кодексінің 196-бабына сәйкес салық агентi жасайды. 2. Есеп осы есептің өзінен (101.04-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (101.04) тұрады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Есепке қосымша есептегі тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Есепке қосымша онда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. 7. Есепке қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|