«Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 714 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 632-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасында: 4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жол жүру құжаты (билет) - осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық-цифрлық (электрондық жол жүру құжаты) нысанда ресімделетін, жолаушыларды тасымалдауға шарт жасалғандығын куәландыратын және жолаушылар поезында жол жүруге құқық беретін құжат;»; 5-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, рельефті-нүктелі Брайль қарпін, түйсік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.»; 7-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «7. Жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу жолаушылар тасымалдарын автоматтандырылған басқару жүйесінде (бұдан әрі - АБЖ) және жол жүру құжатын (билетін) сатып алуға ниет білдірушінің жеке басын куәландыратын құжат (қала маңы тасымалдарын қоспағанда) ұсынылған кезде қол технологиясы бойынша (қала маңындағы тасымалдар үшін билеттерді басып шығаратын машиналар арқылы жүзеге асырылады) не жолаушының талап еткен жеріне жеткізу арқылы жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|