Қостанай облысының 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы (2014.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 66 Хатымен күші жойылды
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ: Қостанай облысы мәслихатының 2014.10.02. № 244 шешімімен (2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.15.04. № 279 шешімімен (2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.25.07. № 302 шешімімен (2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.24.11. № 326 шешімімен (2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қостанай облысының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 134859080,5 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 5821603,6 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 810363,5 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 9828,0 мың теңге; трансферттер түсімі бойынша - 128217285,4 мың теңге; 2) шығындар - 134495897,4 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 1161288,2 мың теңге, оның ішінде: бюджеттiк кредиттер - 2463907,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 1302618,8 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 766360,0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерiн сатып алу - 766360,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1564465,1 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1564465,1 мың теңге. 2. Аудандар мен қалалар бюджеттеріне жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың 100 пайызын есепке алу жолымен кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін. 3. 2014 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемі 13889994,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде: Қостанай қаласынан - 7153504,0 мың теңге; Лисаков қаласынан - 557659,0 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|