2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы
Осы редакция 2013 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөнінде оңтайлы жұмысқа қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі - ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі - жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі - 2012 жылғы 10 сәуірден бастап 2014 жылғы 10 сәуір аралығы болып белгіленсін. 2. Ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерінің қатар айналыста болу кезеңінде: 1) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар: ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға өз кассаларынан, сондай-ақ банкоматтар арқылы беруді жүзеге асырады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|