«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 158-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесінде: 3-тармақтың 3), 5), 6) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: 3) орталық депозитарий - Қазақстан Республикасының аумағында депозитарийлік қызметті жүзеге асыратын бірден-бір мамандандырылған коммерциялық емес ұйым. Орталық депозитарий эмитентпен жасасқан шартқа сәйкес төлем агентінің функцияларын және қазынашылық міндеттемелерді есепке алу және қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады; 5) қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету мен өтеудің ішкі ережесі - оның негізінде орталық депозитарий қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсетуді және оларды өтеуді жүзеге асыратын орталық депозитарийдің эмитентпен келісілген ішкі құжаты; 6) бастапқы дилер - белгіленген тәртіппен қазынашылық міндеттемелерді орналастыруға қатысуға жіберілген және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша эмитент белгілеген талаптарға сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы; 8) депонент - орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын ұйым;»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|