Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «е-қызмет» персоналды басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара әрекеттесуі туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының «Құқық қорғау органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдасу шаралары туралы» 2009 жылғы 23 қарашадағы № 52-9.240 және 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 52-9.240/1687-7 тапсырмаларын орындау мақсатында және өзара әрекеттестіктің шапшаңдығын жоғарылату мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - МҚІА) Төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжанов және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - ҚР БП Комитеті) Төрағасы С.М. Айтпаева: 1) Агенттіктің «е-қызмет» персоналды басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің және (бұдан әрі - «е-қызмет» ЫАЖ) және ҚР БП Комитеті жүйелерінің ақпараттық өзара әрекеттестігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер туралы мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етсін; 2) ықпалдастыруды жүзеге асыру және ақпараттық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін жауапты қызметшілерді бекітсін. Жауапты тұлғалардың құрамы өзгерген жағдайда ақпараттық өзара әрекеттестікке қатысушыларды уақтылы хабарландырсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|