ҚР Көлік және коммуникация министрлігі жауапты хатшысының 2013.06.12. № 978 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жауапты хатшысының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 272 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (2013.06.12. берілген өзгерістермен)
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - Комитет) Министрлік оған жүктеген функцияларды, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиация қызметін үйлестіру және реттеу және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құзыреті шегіндегі ведомство болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары бар. 4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 5. Комитет мемлекет атынан, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілетті болса, азаматтық-құқықтық қатынастар тарабын білдіруге құқығы бар. 6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтармен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Комитеттің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы (бұдан әрі - Жауапты хатшы) бекітеді. 8. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» мемлекеттік мекемесі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|