Орман, балық және аң аулау шаруашылығы мемлекеттік мекемелері, қазыналық кәсіпорындары азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайы үшін үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 24 ақпандағы № 58 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 17, 302-құжат) 16-тармағының 155) тармақшасына және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) 16-қосымшасы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Орман, балық және аң аулау шаруашылығы мемлекеттік мекемелері, қазыналық кәсіпорындары азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайы үшін үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Б.О. Азбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары Вице-министрінің міндетін атқарушы Е.Н. Нысанбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жаряланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қоршаған орта және су ресурстары министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|