«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 107 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 107 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1943 болып тіркелген, 2013 жылдың 4 маусымында № 69(17757) «Ақ жол» және № 64(17780) «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғани Қалыбайұлы Сәдібековке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|