2014 жылға Ақтау қаласында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы (2014.26.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесі негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес 2014 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, жұмыс түрлері, көлемі бекітілсін. Тиісті қаржы жылына осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік-пайдалы бағыты бар және жұмыскерлердің алдын-ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-Бөлім) өтінімдер берген ұйымдар Тізбеге енгізуге жатады. 2. Қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтарға төлемақы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсанындағы «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен бекітілген ең төмен айлық еңбекақының 1,5-нан кем емес мөлшерде белгіленсін. 3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын азаматтарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шарты негізінде орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты жергілікті бюджет қаражатынан жүргізілсін. Ұйымдар өз қаражаты есебінен жұмыссыздарға нақты атқарылған жұмысқа қосымша үстеме ақы белгілеуге құқылы. 4. Бөлім басшысына (Г.Н. Хайрлиева): 1) жұмыссыз азаматтардың қоғамдық жұмыстарға жолдануын қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|