Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында V қысқы Универсиаданы, Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушыларының VII жазғы Спартакиадасын өткізу туралы
Білім алушы жастардың денсаулығын нығайтуға арналған дене шынықтыру және спорт жүйесін дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) мыналар: осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы V қысқы Универсиаданың (бұдан әрі - Универсиада); осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушыларының VII жазғы Спартакиадасының (бұдан әрі - Спартакиада) ұйымдастыру комитетінің құрамдары; 2) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Универсиаданың бас төрешілер алқасының, мандаттық комиссиясының және апелляциялық қазылар алқасының құрамдары; 3) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Спартакиаданың бас төрешілер алқасының, мандаттық комиссиясының және апелляциялық қазылар алқасының құрамдары; 4) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Универсиаданың бағдарламасы; 5) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес Спартакиаданың бағдарламасы бекітілсін. 2. Универсиада мен Спартакиада кезең-кезеңімен өткізілсін: 1) Универсиада: бірінші кезең - жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы бұқаралық жарыстар (2014 жылғы қаңтар-ақпан); екінші кезең - жоғары оқу орындарының құрама командалары арасындағы республикалық жарыстар (2014 жылғы наурыз). 2) Спартакиада: бірінші кезең - мектепішілік, аудандық жарыстар (2014 жылғы наурыз); екінші кезең - облыстық және қалалық жарыстар (2014 жылғы наурыз - ақпан); үшінші кезең - республикалық жарыстар (2014 жылғы ақпан - маусым); 3. «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (М.Н. Қошаев): 1) Универсиада және Спартакиада туралы ережелерді бекітсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|