Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы
Осы редакция 2010 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Заңымен 05.07.00 ж. № 64-ІІ Заңымен бекітілді
Швейцария Федералдық Кеңесi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция жасасуға Ниет білдіріп мыналар туралы келісті: Конвенция қолданылатын тұлғалар Осы Конвенция бiр немесе екi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады. Конвенция қолданылатын салықтар 1. Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекет немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшелерi немесе жергiлiктi өкiмет органдары атынан табыс пен капиталға салынатын салықтарға, оларды өндiрiп алу тәсiлдерiне тәуелсiз қолданылады. 2. Жылжитын немесе жылжымайтын мүлiктi бөлуден алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсiпорын төлейтiн жалақылардың жалпы сомасынан немесе ырыздықақыдан алынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан немесе табыстың немесе капиталдың жекелеген элементтерiнен алынатын салықтардың барлық түрлерi табыс пен капиталға салынатын салықтар болып саналады. 3. Конвенция қолданылатын, қолданылып жүрген салықтар атап айтқанда мыналар: а) Қазақстан Республикасында: (і) заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салық; (іi) заңды және жеке тұлғалардың мүлiктерiне салынатын салық; (бұдан әрi - "Қазақстан салығы" деп аталады); b) Швейцарияда: (i) табысқа (жалпы табысқа, еңбек табысына, капиталдан алынатын табысқа, өнеркәсiптiк және коммерциялық қызметтен алынатын табысқа, мүлiк құнының өсiмiнен алынатын табысқа және табыстың басқа да түрлерiне) салынатын; және (ii) капиталға (жиынтық мүлiкке, жылжитын немесе жылжымайтын мүлiкке, акционерлік капиталдың төленген бөлiгiне және резервіне және капиталдың басқа да түрлерiне) салынатын федералдық, кантондық және коммуналдық салықтар Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|