Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметтерін үйлестіру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 12 бұйрығымен күші жойылды
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек технологияларын енгізу есебінен халыққа медициналық көмек көрсету сапасын және қолжетімділігін одан әрі арттыру мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексінің 42-бабының және 7-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметтерін үйлестіру бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы бұйрықты облыстардың және Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына жеткізуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. 5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|