ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 761 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1567 қаулысымен бекітілген
«Тіркеушінің қағидалар жинағын келісу»
1. «Тіркеушінің қағидалар жинағын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік он бес күн ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - тіркеушінің қағидалар жинағын келісуді растайтын қағаз жеткізгіштегі келісу хат. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады. 9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі: 1) еркін нысанда жазылған өтінішті; 2) бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесі бекіткен бірыңғай тіркеушінің қағидалар жинағына кіретін, мыналарды қамтитын қағидаларды ұсынуға тиісті: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|