ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 751 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 92 қаулысымен бекітілген
«Селекциялық жетістікке патент беру» «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламентін қараңыз
1. «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптама ұйымы) арқылы, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі және тұқымдарды сынақтан өткізу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссияларының жануарлар тұқымдарын сынақтан және байқаудан өткізу және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын бағалау мерзімдеріне байланысты көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген кезде селекциялық жетістікке сараптама жүргізу және оған патент дайындау процесінде сұратылатын құжаттарды уақтылы, оның ішінде төлемді растайтын құжаттарды (сұрауға жауапты ұзарту мерзімін, көрсетілетін қызметті алушының өткізіп алған мерзімін қайта қалпына келтіру, өзгеге беру шартын немесе лицензиялық шарттың тіркелуін ескерместен) ұсынған кезден бастап; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|