|
|
|
Гүлсім Оразалықызы: құрметтеуге тұрарлық өмірі мен істері
Елубаев Ж.С.
Гүлсім Оразалықызының балалық және жастық шағында ешқандай ерекшеліктер болған емес, ол ауылда туылып, әдеттегі ауыл адамдары арасында өсті. Отбасында жалғыз бала болды. Ауылда 8-сыныпты аяқтап, тоғызыншы және оныншы сыныптарда Түркістан қаласындағы Ленин атындағы мектепте оқыды. Ол басқа балалар сияқты жоғарғы білім алуды армандады. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, оны 1979 жылы аяқтады. Осы кезде оның өмірі ойындағыдан басқаша болып өзгере бастады. Алған мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті муғалімі болып жұмыс істеудің орнына «Орталық Қазақстан» атты Қарағанды облыстық газетіне хатшы болып жұмысқа кірді, үш айдан кейін осы жерде тілші міндеттерін атқара бастады. Бұл оның өміріндегі күтпеген және ойламаған жағдай болды. Ол кездері бірде-бір мақала жазбай газетке журналист болып жұмысқа кіру жағдайлары өте сирек кездесетін. Осындай сирек кездесетін жағдай Гүлсімнің алдынан шықты. Ол «Орталық Қазақстан» газетінде журналистика теориясы мен практикасын өтіп, көптеген қиыншылықтарды басынан кешірді. Өз ойын қағазға түсіруді бастаған кезде бір-біріне сәйкес келмейтін сөздерді ұйқастыра алмай, өз ойын толықтай жеткізе алмай, мәтінмен ұзақ жұмыс істеп отыратын. Ол ұзақ уақыт бойы облыста өткен іс-шаралардың мәні мен маңыздылығын қысқа мақалаға сыйдыра алмайтын. Осы күнге дейін өзіне журналистік өмірдің қиыншылықтарын жеңуге көмектескен аға буын өкілдері - бұл күнде марқұм болған Рамазан Сағымбековке және жоғары білімді, дұрыс пікірлі адам, бөлім басшысы - Зарқын Тайшыбаевке деген оның алғысы зор. Осы адамдардың арқасында Гүлсім журналистиканың қыр-сырын танып, өзінің саналы өмірін осы іске арнады. Сол кездері ол осы мамандық өміріне тіреу болады деп ойлмады, өйткені ол жоғары оқу орнында сабақ беріп, ғылыми қызмет атқаруды армандады. Гүлсім өзінің ғылыми зерттеуіне тақырып та таңдап қойды: «Халық ауыз әдебиетіндегі драматургия элементтері», және төрт пән бойынша кандидаттық минимум тапсырды. Алайда журналистиканың қызықты жақтары Гүлсімді тарып, ол өзінің ғылыми жоспарларын кейінге шегерді. Газет беттерінде ол облыстағы мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы жаңалықтарды және өнер адамдары туралы мақалаларды белсенді түрде жазды. Қақаған аязға қарамастан Қарағанды облысының алыс аудандарына: Егіндібұлақ, Қарқаралы және басқа жерлерге сапар шегіп, еліміздің өнер тарландары туралы жазды, олардың шығарлмаларымен оқырмандарды таныстырды. Осы жылдары Гүлсім С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театрының халық әртістері Жәмила Шашкинаның, Қарағандыбай Сатаевтің, Әсия Аблаеваның, Рамазан Баймағанбетовтың…, сонымен қатар республикада танымал әншілер Роза Бағланованың, Бибігүл Төлегенованың, Ермек Серкебаевтің, композитор Ғазиза Жұбанованың, дирижер Төлепберген Абдырашевтің шығармашылық портреттерін жазды. Сонымен қатар ол академиктер: Ебіней Букетовтың, Төрегелді Шармановтың, Мұхтар Өтебаевтің, Зейнолла Молдахметовтың шығармашылық портреттерін жазды. 1989 жылы жазылған Зейнолла Молдахметов туралы мақаласы жылдың ең үздік мақаласы болып танылып, Гүлсім облыстық газеттің лауреаты атанды. Сонымен қатар Гүлсім облыстық өнер қызметкерлері туралы да, мысалы әнші Құралай Шәймерденова, сыбызғышы Бекболат Байсағатов (қазір облыстық мәдениет басқармасының бастығы) туралы жазды. Гүлсім қазақ тілі мәселесін алғашқы рет көтергендердің бірі болды. Ол кезде Қарағанды облысында тек бір ғана қазақ мектебі болатын. «Орталық Қазақстан» газетінде оқырмандарға еліміздің ұмытылып келе жатқан бай салт-дәстүрі, мерекелері, ұлттық тағамдары, киім-кешегі, қазақтардың тұрмысы және тағы басқалар туралы ақпарат беретін «Ата салты» атты апталық бағананы жүргізді. Жоғарғы оқу орындарының және мектептердің мәселелері туралы мақалалар жазып, газет беттерінде үздік студенттермен таныстырды. Облыста айтыс өнері жандана бастады. Осы халық шығармашылығының түрін жандандырған: Қазақстанның танымал режиссері, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Болат Атабаев (ол кезде Теміртау қаласындағы неміс театрының режиссері) және Естай әндерін жинап, елге паш етіп жүрген Құралай Шәймерденова болды. Гүлсім қазақтар саны өте аз, Теміртау қаласының тұрғындарына қазақ өнерінің даңқын шығарып жүрген қызметкерлер туралы мақтанышпен жазып, оларды жастарға үлгі етуге шақырды. 1986 жылы желтоқсан оқиғасы орын алды. Гүлсім өзінің қайсар мінезінің және әділдігің арқасында осы оқиғадан тыс қала алмады, сондықтан ол Қарағанды қаласындағы наразылық митингілеріне белсене қатысып, алты ай бойы тергеу астында жүрді, саяси жағдайдың өзгеруінің ғана арқасында оған айып тағылған жоқ. Бұл жерде Гүлсімнің «Орталық Қазақстан» журналында шығарған мақаласынан үзінді келтірген жөн: «… ол кезде ертеңгі күн туралы ойланбадық, тек әдліетсіздікке және Мәскеудің өктем шешіміне қарсы күрестік, үйде тығылып отырмай, алматылық жастарды қолдағымыз келді… ерлік алдын-ала жоспарланбайды және қаулымен бекітілмейді, ол табиғаттың жасырын күші секілді жоқ жерден пайда болады. Біз өзіміздің азаматтық позициямызды көрсеттік, қазақ ұлтына деген әділетсіздік пен қастандыққа қарсы тұрдық». Бұдан артық еш нәрсе айта алмайсын… 1989 жылғы қазан айында, Мәскеуде тұратын, танымал мемлекеттік және қоғами қызметкер, Қазақстан Үкіметін он үш жыл бойы тиімді басқарған Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлы Гүлсімді өзінің Қарағандыда тұратын қарындасы Зубайра арқылы Мәскеуге арнайы шақыртты. Олар: Оңдасынов, оның қарындасы Зубайра және Гүлсім бір ауылдан шыққан және бір-біріне туыс болып келеді. Гүлсім мен Зубайра Мәскеуге келеді, ол кезде Оңдасынов науқас болатын, және оның халі нашарлап бара жаты. Отбасының көзінше ол Гүлсімге өзінің қолжазбаларын тапсырып: «Мен сені қызымдай көремін, мені әкеңнен кем сыйлама! Менің қолжазбаларымды сақтап қал!», - деп табыстады. Осылайша Гүлсім өзіне сеніммен берілген міндеттемелерді арқалап, Мәскеуден Қарағандыға қайтып оралады. Осы сәттен бастап, оның журналистік өміріне және «жұмыс кестесіне» «Нұртас Оңдасынов» деген міндет кіреді. Осы кезде Гүлсімнің жұбайы, заңгер және композитор Ислам Байгісиев қызмет бабымен ҚР-ның Бас прокуратурасына ауысып, оның отбасы Алматыға көшеді. Алматыда 1990-1993 жылдар аралығында Гүлсім Оразалықызы «Жалын» республикалық жастар журналының критика бөлімін басқарады, содан кейін 1993-1996 жылдар аралығында ол ағылшын тілінде шығатын «Қазақстан» халықаралық газетінің мәдени бөлімін басқарады. Тоқсаныншы жылдары халықтың басынан кешкен қиыншылықтары Гүлсімнің отбасына да туды. Балалары Мәди мен Әйгерімге жоғарғы білім беру үшін ата-анасының аз ғана мемлекеттік жалақысы жеткіліксіз болды, Гүлсімге жақсы жұмысқа тұруға тура келді. Балалары оқуларын аяқтап, мамандықтарға ие болды. Осы кезде Гүлсім барлық жұмыстарын қойып, ұзақ уақыт бойы шаң басып жатқан Нұртас Оңдасыновтың қолжазбаларына кірісті. Осы зерттеу жұмысының нәтижесінде «Нұртас Оңдасынов» атты 2002, 2004 және 2007 жылдары үш кітап шықты. Барлық кітаптарда Нұртас Оңдасыновтың соғыс жылдарындағы, КСРО мен Қазақстанның шаруашылығының жандануы кезіндегі қызметі баяндалады. Оқырмандарға бұрын-соңды белгісіз болған оның халыққа жасаған істері туралы айтылады. Оның әріптестері мен қызметтестерінің еске түсіріп айтқан оқиғалары жинақталып, жіктеледі. Оңдасынов тек жоғарыдан келген бұйрықтардың орындаушысы ғана емес, халықтың игілігіне жұмыс істейтін қызметкер болған. Оған құжаттар куә. Қазір осы естеліктер өте құнды, өйткені сол естеліктермен бөліскен адамдардың көбі дүние салды. Болашақ ұрпақ үшін өте құнды кітап. Төртінші кітап қазақстандық алғашқы мұнайшы инженерлерінің бірі Табын Оржанов туралы жазылды (2009 жыл). Соғыстан кейін Оржанов Мәскеуге барып, арнайы техникалық білім алып, мұнайшы-инженер мамандығын иемдеген аз ғана қазақтардың бірі болды. Бұл кітапта оның қазіргі қазақстандық ұрпақтарға үлгі болатындай адами қасиеттері, әсіресе, оның орыс тілін білмегендігіне қарамастан, Мәскеуге барып, Губкин атындағы танымал мұнай институтын үздік аяқтағандығы туралы айтылады. Содан кейін ұзақ жылдар бойы ол «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінде бас инженер болып жұмыс істеп, жас мамандарды оқытты. Гүлсімнің бесінші кітабы академик Шахмардан Есеновке арналған (2011 жыл). Қ.Сәтбаевтің шәкірті, оның ісін жалғастырушы ғалым геологтың өмірі өте қызықты және мазмұнға толы. Ұстазының арманының орындалуын жалғастырған шәкірт Сәтбаевтың тапқан кен-орындарының санын 4-5 есеге көбейтті. Отыз үш жасында Геология министрі, отыз тоғыз жасында - Қазақстан Республикасында ең беделді және жауапты лауазымдардың бірі - Ғылым академиясының президенті қызметін атқарды. Министр Ш.Есеновтың аты Қазақстандағы Жетібай және Өзен ірі мұнай кен орындарының ашылуымен танымал, ұзақ уақыт бойы ол жер қойнауын барлаушылармен жұмыс істеді. Оның еңбегі жоғары бағаланып, мұнайшылар тобымен бірге Ленин сыйлығына ие болды. Дарынды, геологияның қыр-сырын білетін Есеновтың атағы республиканың шекарасынан шығып, Мәскеудің ғалымдар шеңберіне де жетті. Кітапта оның оқиғаларға бай өмірі баяндалады. Онымен бірге жұмыс істеген ғалымдар мен замандастары оған қарсы жасалған әділетсіз іс-әрекеттерді де жасырмай баяндаған. Осы Гүлсім Оразалықызының «Нұртас Оңдасынов», «Табын Оржанов», «Шахмардан Есенов» атты кітаптары «Мұнайшы» қоғамдық қорының тапсырысы бойынша жазылып, шығарылды. Қазір зерттеу жұмыстарының арқасында Шахмардан Есеновтың биографиясы қайта жазылды, толықтырылып, «Қазақстан» баспасында, «ТАӨ» сериясының қазақстандық аналогында, «Ғибратты ғұмыр» сериясында жарық көрді. Кітаптың жаңа нұсқасында журналист Гүлсім Оразалықызы Шахмардан Есеновке қатысты әділетсіз әрекеттерді тереңінен қарастырып, оның себептерін ашады. Осының арқасында Кеңес дәуірінің тұрмысымен, сол заманның командалық-әкімшілік бейнесімен жақынырақ танысуға болады. Кітапта журналист Қазақстан басшылығында жұмыс істеген кейбір басшылардың еріксіз әрекеттерін көрсетеді, басшылық қызметте отырған мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерді сөйлетеді. Оларды «Неге Шахмардан Есенов сияқты тұлғаларды үкімет пен заманы бағаламады?» деген сұраққа жауап беруге тартады, сонымен қатар Гүлсім өз бетінше іздеу жұмыстарын жүргізіп, талқылап, қорытынды жасайды. Осы жаңа нұсқада шыққан кітап өзінің шыншылдығымен құнды деп сеніммен айтуға болады. Зерттеуші-журналисттің алдына қойған мақсаттары мен жоспарлары мол. Ол Нұртас Оңдасыновтың биографиясын жаңа деректермен толықтырып, «Ғибратты ғұмыр» сериясында шығарғысы келеді. Болашақта өзін тәрбиелеген, журналист ретінде қалыптасуға көмектескен, Ебіней Букетов туралы жазу да ойында бар, өйткені Букетов - командалық-әкімшілік заманның құрбаны болған ұлы ғалым, кең пейілді адам. Академик Букетовтың жұбайы Зубайра ханымның қамқорлығының астында болған Гүлсім, олардың бұрынғы Кеңес дәуірінде олардың отбасыларының бастарынан кешкен қиыншылықтары мен әділетсіздіктері туралы айту өзінің парызы деп есептейді. Бұрын Букетов туралы ақиқатты ол «Орталық Қазақстан» Қарағанды облыстық газетінің үш санында шығарған. Гүлсім Оразалықызының шығармашылығы қазақ халқының дана ұлдарына арналған библиографиялардан тұрады. Біз жастарға «отаншыл болыңдар» деп жиі айтамыз, бірақ Гүлсімнің «Нұртас Оңдасынов», «Табын Оржанов», «Шахмардан Есенов» атты кітаптары отаншыл болу деген не екенін, халықты қалай сүю керектігін, ұлттың болашағын ойлауды және оған қамқор болуды сипаттайды. Өйткені осы кітаптардың басты кейіпкерлері Қазақстан тарихына аттары алтын әріппен жазылатын, тарихта өшпес іздерін қалдырған, еліміздің ардақты азаматтары. Қазір қазақ тарихында «тұлғалар» атты жаңа жанр туындады деуге болады. Гүлсім осы жанрдың алғыр жазушыларының бірі деп сеніммен айтуға болады. Оның тиражының аз болуына байланыты, Оразалықызының шығармалары өз оқырмандарын тауып жатқан жоқ. Сондықтан ол осы кітаптарды қайта шығару жолдарын қарастыруда. Гүлсім «Нұртас Оңдасынов» атты ғылыми еңбегі үшін Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды (2008 жыл). Ол «Жалын» журналының Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлығының лауреаты (2010 жыл). Мақаламды қорытындылай келе, Гүлсімнің өмірі мен қызметі туралы толықтай мәлімет берген, жұбайы, танымал композитор және тамаша заңгер Ислам Байгісиевке шынайы алғысымды айтқым келеді. Ол Гүлсімге ең қиын замандарда қолдау көрсетті және тек оның шынайы сүйіспеншілігі мен шексіз қамқорлығы Гүлсімге құрметтеуге және қастерлеуге тұратын игі істерді жүзеге асыруға көмекстесті, деп ойлаймын. Бұл очерк Гүсім Оразалықызының мерейотойына арналады. Оның журналистика мен әдебиет саласында шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектеспін.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |