Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 20/460 бұйрығының 3-қосымшасы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 393 бұйрығымен күші жойылды
«Агрономия» кәсіптік стандарты
1. Кәсіби стандарт: еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды анықтауға; қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге; білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге; кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған. 2. Кәсіби стандарттардың негізгі қолданушылары: білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер; ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары; білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар; кәсіптік даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар. 3. Кәсіби стандарттардың негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және тағы басқалары функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленуі мүмкін. 4. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік - қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болуы; 2) біліктілік деңгейі/біліктіліктің деңгейі - күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы; 3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат; 4) еңбек құралы - қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|