ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 2 қыркүйектегі № 249 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 296 бұйрығына 2-қосымша
Археограф мамандығы бойынша
1. Археограф мамандығы бойынша кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және «91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі» кәсіби қызмет саласындағы біліктіліктің, құзыреттіліктің, мазмұнының, сапасы мен еңбек жағдайларының деңгейіне талаптарды анықтайды және: 1) еңбек саласы және кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеу; 2) кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптарды регламенттеу; 3) персоналды аттестациялау және сертификациялау кезінде қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау үшін талаптарды регламенттеуге арналған. 2. КС-тың негізгі пайдаланушылары: 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер; 2) ұйым басшылары, персоналды басқару ұйымы бөлімшелерінің басшылары мен мамандары; 3) мемлекеттік білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар; 4) кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласының мамандары. 3. КС негізінде ұйымның біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік білім бағдарламалары, үлгілік оқу бағдарламалары, корпоративтік стандарттары әзірленеді. 4. Осы КС-та төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады: 1) біліктілік - қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы; 2) біліктілік деңгейі - еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы; 3) еңбек заты - нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында қызметкердің әрекеті бағытталған зат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|