Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстан 2020: болашаққа жол» атты 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асырудың ұйымдастыру-тәжірибелік шаралары туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ж.Б.Сәрсебаевтың Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстан 2020: болашаққа жол» атты 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асырудың ұйымдастыру-тәжірибелік шаралары туралы ақпаратын тыңдап және талқылап, облыстық мәслихат жастар саясаты мәселелері басқармасының 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының бірінші кезеңін іске асыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарып отырғандығын атап өтеді. Шығыс Қазақстан облысында 359 мыңға жуық жастар тұрады, бұл облысымыздың бүкіл халқының төрттен астамын (26 пайызын) құрайды. Оның ішінде ерлер - 182 367 (51 пайыз), әйелдер - 176 645 (49 пайыз), облыстағы ауыл жастары - 138 931 (39 пайыз) адам. Облыста 80-нен астам жастар ұйымы тіркелген. Шығысқазақстандықтар 8 жоғары және 93 орта арнаулы оқу орындарында білім алуда. Мұнда 77 343 студент оқиды. Әскер қатарына шақырылатын жастар саны 17 655 адамды құрайды. 2012 жылы әділет органдарында 7307-ден астам жас отбасы некесін қиды. 2013 жылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден 264,1 млн. теңге бөлінді, оның 34,1 млн. теңгесі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа арналған, бұл соманың 11 млн. теңгесі жастардың әлеуметтік қызметтерін құруға бағытталған. 2013 жылы облыс бойынша жастардың әртүрлі санаттарының мәселелерін шешуге бағытталған барлығы 39 жоба іске асырылуда және 64,3 млн.теңге соманың әлеуметтік инвестициясы тартылды. Облыста жастар саясаты мәселелері басқармасы құрылған, облыстың барлық қалалары мен аудандарында «Жастар орталықтары» КММ, Жастар істері кеңестері жұмыс істейді. 2013 жылы облыстың қалалары мен аудандарында жастар істері кеңестерінің 32 отырысы және облыс әкімі жанында 2 отырыс өткізілді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|