ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 678 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 153 қаулысымен бекітілген
«Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға
1. «Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 15 (он бес) күнтізбелік күн; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты - 10 (он) минут. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге қорытынды. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|