ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 678 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 153 қаулысымен бекітілген
«Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан жерлерге жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру»
1. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан жерлерге жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 9 (тоғыз) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты - 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан жерлерге жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру; Қағаз жеткізгіште рұқсат алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|