«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы (2023.04.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімі 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2021.06.05. № 306 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі - конкурс) адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурс осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімдерде жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады. Конкурсты өткізудің мақсаттары: 1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; 2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; 3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау; 4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау. 2. Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|