ҚР Ішкі істер министрінің 2014.27.10. № 738 бұйрығымен алып тасталды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығымен бекітілген № 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті туралы
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті (бұдан әрі - Тергеу комитеті) Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2. Тергеу комитеті өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады. 3. Тергеу комитетінің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді. 1) Басшылықтан; 2) Әскери-тергеу басқармасынан; 3) Бақылау-әдістемелік басқарманан; 4) Алдын ала тергеуді талдау басқармасынан; 5) Аймақтық бақылау және алдын ала тергеуді ұйымдастыру басқармасынан; 6) Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасынан; 7) Ұйымдасқан қылмыс туралы істерді тергеу басқармасынан; 8) Экстремизмге және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты істерді тергеу басқармасынан; 9) Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасынан; 10) Ауыр мүліктік қылмыстарды тергеу басқармасынан; 11) Аса маңызды істер жөніндегі бас тергеушілер бөлімінен тұрады. 5. Тергеу комитеті мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi болады, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында шоттары болуы мүмкiн. Тергеу комитеті өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы. Егер Тергеу комитетіне заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, ол мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|