Астана қаласы әкімдігі кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Астана қаласы әкімдігі кейбір қаулыларының күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын. 2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындаған қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.
2014 жылғы 22 ақпандағы қаулысына қосымша
Астана қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. «Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 1 тамызында № 404 болып тіркелген, 2005 жылғы 16 тамыздағы «Астана хабары» газетінде жарияланған). 2. «Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 3-1-6-457қ қаулысы (Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылдың 16 қаңтарында № 453 болып тіркелген). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|