Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 2014 жылғы 6 ақпандағы № 4 бұйрығымен келісілген
Мұнай турбина майларын пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Мазмұны
1-тарау. Майға қысқаша сипаттама 2-тарау. Майды қабылдау және сақтау 4-тарау. Пайдалану барысында гидроагрегаттардағы май күйін бақылау 5-тарау. Пайдалану барысында май күйін бақылау 6-тарау. Май жүйелерін күрделі жөндеу кезеңінде тазалау 7-тарау. Турбина майларының тазалық дәрежесін анықтау 8-тарау. Қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы техника 1-қосымша. Тп-22С, Тп-22Б және Тп-30 мұнай турбина майында тұнғыны анықтау әдісі 2-қосымша. Турбина майының тазалығын анықтау әдістемесі 3-қосымша. Эксплуатациялық турбина майларының қышқылды санын анықтау әдістемесі 4-қосымша. Сілтеме берілген нормативтік-техникалық құжаттардың тізімі
БҚ 34.43.102-96 орнына «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы» акционерлік қоғамымен қайта өңделген. Осы Әдістемелік ұсынымдар жылу және су электр станцияларының турбиналық агрегаттарын майлау және реттеу жүйелерінде қолдануға арналған Тп-22С, Тп-22Б және Тп-30 таңбалы мұнай турбина майларына таралады.
1-тарау. Майға қысқаша сипаттама
1. Электр станцияларда мынадай таңбалы дистиллят турбина майларын қолданады: Тп-22С (ТШ 38.101821). Антитотықтырғыш, антикоррозиялық және майғынсыздандырғыш қосындыларды құрайды. Жылу электр станциясы үшін негізгі турбина майы. Дайындаушылар: «Авиатехмас» ЖАҚ (Нижний Новгород қ.) негізгі құрам ретінде тереңдетілген іріктеу тазалаудың И-20А өнеркәсіптік майын пайдаланады. «Рязнефтехимпродукт» АТАҚ (Рязань қ.) негізгі құрам ретінде «Ярославнефтеоргсинтез» АҚ майын пайдаланады. «Ярославнефтеоргсинтез» АҚ (Ярославль қ.) іріктеу тазалау әдісімен кейіннен гидротазалаумен батыс-сібір мұнайларынан май шығарады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|