Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі жауапты хатшысының 2014 жылғы 1 шілдедегі № 396 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 63-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 жылға арналған операциялық жоспары (бұдан әрі - Операциялық жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары: Операциялық жоспардың тармақтарының орындалуы жөніндегі ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде тоқсан қорытындылары бойынша Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды талдау департаментіне ұсынсын; Операциялық жоспардың іс-шараларын мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. Министрліктің Стартегиялық жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды талдау департаментіне ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын, толықтығын және уақтылығын қамтамасыз етсін. 3. Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды талдау департаменті Министрліктің Жауапты хатшысына Операциялық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне қарай ұсынсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
Көлік және коммуникация министрлігі жауапты хатшысының 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
1-бөлім. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің іс-шаралары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|