ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 774 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген
«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: қағаз түрінде кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі мен жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|