Қазақстан Республикасының
1-бап. «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 19, 111-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1, 2, 8 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 6 129 775 352 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 4 273 818 283 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 79 850 486 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 7 485 463 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 1 768 621 120 мың теңге; 2) шығындар - 6 833 672 664 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 44 953 725 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 120 060 192 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 75 106 467 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 169 794 509 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 171 044 509 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 250 000 мың теңге; 5) тапшылық - 918 645 546 мың теңге немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 2,3 пайызы; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 918 645 546 мың теңге. 2-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 21 275 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 4 585 410 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсімдері көзделсін.»; «8-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 1 480 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.»; «10-бап. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап: 1) жалақының ең төменгі мөлшері - 19 966 теңге; 2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 9 983 теңге; 3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 20 782 теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|