Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау бойынша Деректер қорын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру туралы
ҚР Бас Прокурорының 2017 жылғы 21 қарашадағы № 138 бұйрығымен күші жойылды
Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалаудың Деректер қорын дер кезінде және толық қалыптастыру мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Ұсынылып отырған Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалаудың Деректер қорын қалыптастыру Ережесі (бұдан әрі - Деректер қоры) бекітілсін. 2. Облыстардың және оларға теңестірілген прокурорлар қадағалау актілерінің, сот қаулыларының және ережелерде көрсетілген басқа да құжаттардың тиісінше ресімделуін және Деректер қорына дер кезінде енгізілуін қамтамасыз етсін. Деректер қорына енгізілген қанағаттандырылған, қанағаттандырылмаған наразылықтардың және басқа да құжаттардың саны «Сот қаулылары мен өндірістік орындаулар заңдылықтарын қадағалаудағы прокурордың жұмысы туралы» № 2 нысандағы статистикалық есеп мәліметтеріне сәйкес келуі тиіс. Құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттар ғана ерекшеліктерге ие болады. 3. Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті Бас прокуратураның web-порталындағы Деректер қорына техникалық қызмет көрсетулерді, жұмыс істеуін және қол жетімділікті қамтамасыз етсін. 4. Бұйрық облыстардың және оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаментіне жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|