ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 252 қаулысымен бекітілген
«Инвестициялық жобаның «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» «Инвестициялық жобаның «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын өлшемдерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Инвестициялық жобаның «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге топтамасын тапсырған сәттен бастап - 24 (жиырма төрт) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - инвестициялық жобаның «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушыларға қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық бағалау қорытындысының көшірмесі. 7. Мемлекеттік қызмет «Өнімділік 2020» бағдарламасына қатысуға өтініш берген заңды тұлғалар - кәсіпкерлік субъектілеріне ғана (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|