Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 672 қаулысымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне (бұдан әрі Министрлік) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың осы бұйрыққа қосымшада көзделген 2013 жылғы даму жоспарларының орындалуы бойынша есептері бекітілсін. 2. Мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары «Ақпараттық есепке алу орталығы» АҚ серверіне түскен мемлекеттік кәсіпорындардың 2013 жылғы даму жоспарларының орындалуы бойынша электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы хабарламалардың көшірмелерін 2014 жылғы 25 наурызға дейін Министрлікке жіберсін. 3. Министрліктің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) «Ақпараттық есепке алу орталығы» АҚ серверіне түскен мемлекеттік кәсіпорындардың 2013 жылғы даму жоспарларының орындалуы бойынша электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы хабарламалардың көшірмелерін 2014 жылғы 5 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Қажы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жіберсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|