Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 Қаулысымен күші жойылды
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 290 қаулысымен бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі - шартты тұтынушылар) - көмірді, газды, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері; жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары; 2) газ - шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|