ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 278 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 наурыздағы № 275 қаулысымен бекітілген
«Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу» «Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: «Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Агенттік және оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берген сәттен бастап - осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхатта көрсетілген күні және уақытта; 2) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттарды тапсыру үшін күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт - 5 минут; 3) қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт - 30 минут. Осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес тестілеу бағдарламаларына байланысты тестілеудің ең ұзақ уақыты 2 сағат 20 минутты құрайды. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|