Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік (2024.31.05. берілген өзгерістермен)
1. Осы Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) алған қазақстандық кемелерді бақылау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидалар мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық өнімдері мен өзге де өнімдерді сату немесе өндіру үшін кәсіпшілік өнімдерді (объектілерді) шетелдік кемелерге, сондай-ақ өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге ауыстырып тиемей кәсіпшілік өнімдерді (объектілерді) жеткізу болып табылатын, кәсіпшілік қызметті жүзеге асыратын қазақстандық кемелерге (бұдан әрі - қазақстандық кеме) қолданылады. 3. Қазақстандық кемелерге қатысты бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі - Шекара қызметі) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту мен пайдалану саласындағы уәкілетті табиғатты қорғау органымен (бұдан әрі - уәкілетті органы) бірлесіп жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңнамасы мен осы Қағидаларды сақтауға бағытталған кәсіпшілік кемелердің қызметін бақылау іс-шараларының кешенін білдіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|