«Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеде: төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «тауардағы жергілікті қамту үлесі - пайдаланылатын жергілікті материалдар құны мен тауарларды өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарды қайта өңдеуге жұмсаған шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық құрамы;»; жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «сериялы өндіріс тауары - шығарылуы ұзақ уақыт бойы жеке топтамалармен қайталанатын тауар;»; 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «36. Ішкі айналымға арналған Қазақстанда шығарылған тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері: 1) осы Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасында белгіленген өлшем; 2) осы Ережеге 9-қосымшада көрсетілген үшінші елдің тауарын өндірісте пайдалану кезінде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттарды, өндірістік және технологиялық операцияларды орындау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|