Іс қағаздарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2016.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № 386 бұйрығымен күші жойылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Іс қағаздарды жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келесі нормативтік кұқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын: 1) «Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 306 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6628 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. «Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 238 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7777 тіркелген, 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 15 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов): 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|