Мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 260 бұйрығымен күші жойылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (К.Б. Ақжанов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 78 бұйрығымен бекітілген
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы 10-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға берудің тәртібін айқындайды. 2. Концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру талаптары концессия шартында көзделеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|