«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 90 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 маусымдағы № 170-171 (27444-27445) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
06 «Басқа да салықтық емес түсiмдер» атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«06 Өзге де салықтық емес түсiмдер»;
1 «Басқа да салықтық емес түсiмдер» атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Өзге де салықтық емес түсiмдер»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
101 «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі», 102 «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы», 104 «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi» және 106 «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
105 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын: